Бас мүфти азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?! – деді Бас мүфти.

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі. Пітір мөлшерін 535 теңге деп белгіледі. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы