Бас мүфти: Арақ-шарап сатылмаса деген тілегіміз бар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы қарсаңында өткізген баспасөз маслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық, – деді ол.

Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істің бірі екенін жеткізді.

Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы Хақтың разылығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз, – деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін кімдерге ораза ұстау міндет емес екені туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы