Бас мешітте Құрбан айт қалай өтті?
Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының дені айт намазына қатысып, Құрбан айтты атап өту үшін Республикамыздың бас мешітіне жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мешітке 5:30-дан бастап жиналған жамағат айт намазына дейін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының уағызын тыңдады. Кейіннен сап түзеп, Құрбан айт намазын оқыды.
Мешітке келгендерге көже, бауырсақ, құрма ұсынылды. Мешіттің ашық алаңында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
Өзгелердің жаңалығы