Бас мешітте Әл-Азһар шейхы уағыз айтты
Елорданың бас мешітінде Әл-Азһар Шейх Ахмад ат-Тайеб уағыз айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрметті бауырларым, туыстарым Қазақстан жамағаты. Әлемде орыны бар, көздің жауын алатын Алланы зікір қылуыменен, құран оқумен әсемделген осы мешітте бірге жиналып нәсіп еткеніне шын жүректен сіздерге рахмет айтамын! , - деді сөз басында Әл-Азһар Шейх Ахмад ат-Тайеб.
Ол ата-бабаларымыздан қалған қарызды өтеуге келіп отырғанын айтты.
Мен Әл-Азһардың талабасы немесе шәкірті емеспін. Біз сіздердің ата-бабаларыңыздың шәкіртіміз. Сіздердің бабаларыңыздан үйренген бүкіл ілімдерді сіздерге қайтару үшін осы жерге келіп отырмын, – деді Әл-Азһар Шейхы.
Еске сала кетейік, Шейх Ахмад ат-Тайеб астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидереһлерінің басқосуына келген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, съездің жұмысына қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құс еті 28 пайызға қымбаттады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы