Бас мүфти: Кез келген тығырықтан шығар жол – иман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осылай деді.

Өтпелі сынақ сәтінде үмітсіздік пен күйзеліске бой алдырмай, Аллаға жақындауымыз қажет. Аллаға жақындау дегеніміз – Оның жер бетіне орнатқан заңдылығымен жүру. Адам баласының Аллаға деген нық сенімі, яғни иманы оны кез келген тығырықтан алып шығады. Иман шартын жүрегіне бекіткен мүмін жақсылық пен жамандық – Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса – төзімділік танытады. Алла Тағала қасиетті Құранда: "(Мұсылмандар) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар" ("Әли Имран" сүресі, 139-аят), – деп мұсылман баласын сүйіншілеген. "Аққа Құдай жақ" дегендей, осы сынақ кезеңінен ақ адал ниетімізбен аман-есен өтуді жазғай, – деп атап өтті бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы