Бас есепші мекемеден 7 миллионға жуық ақша жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуір күні Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімшесіне қаладағы ЖШС-лардың бірінің директоры жүгінген, деп хабарлады Алтайньюс. 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оның қол астында бас есепші болып жұмыс істеген қала тұрғыны 2020 жылдың шілде айынан бастап қазірге дейін мекеме шотынан өзіне 7 миллион теңгеге жуық ақша аударған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 52 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу барысында ол барлық кінәсін мойындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігіне сәйкес  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы