Перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл төлейді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы №1 перзентхананың бас дәрігері Наурызбай Рақышев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Алмалы аудандық сотының үкімімен Рақышев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 366-бабының 2-тармағы). Оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Осы жылдың тамыз айында Алматы қаласы №1 перзентхананың бас дәрігері пара алу кезінде ұсталған болатын.
«Рақышев перзентхана ғимаратында бөлмені жалға алып отырған кәсіпкерден келісімшартты үзбес үшін ай сайын 200 мың теңге төлеп отыруды талап еткен», - дейді қалалық соттағылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жоғалып кеткен аутист бала табылды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы