Бас ауруын тудыратын тамақ анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар бас ауруын тудыратын тамақ түрін атады. Олар дұрыс тамақтанбаудың басты ауыртатынын анықтаған деп жазады Lenta.ru.
Ағылшын диетологы Эми Гудсон қандағы қант деңгейінің төмен болуы тікелей бас ауруына себепші деп отыр. Атап айтқанда, егер ұзақ уақыт бойы тамақтанбасаң бас ауырады. Сіз түскі астың уақытын өткізіп алсаңыз, бұл көп жағдайда қандағы қанттың төмендеуіне алып келеді. Ал қанттың төмендеуі басты ауыртып, жүрек айнып, тіпті, бастың айналуына ұласады, - дейді сарапшы.
Сондай-ақ қандағы қантты түсіретін тағы бір себеп – дұрыс тамақтанбау деп отыр мамандар.
Егер тек көмірсу ғана тұтынатын болсақ, қандағы қант деңгейі көтеріліп, одан соң ақуыздың жеткіліксіздігі салдарынан одан да қатты төмендейді, - деп атап өтті дәрігер.
Егер көмірсуы бар тағамнан бас тартса немесе оны тұтынуды барынша азайтса, оның салдары аса қорқынышты болмайды.
Сонымен қатар мамандар аш қарынға тәтті ғана жеуге немесе кофе ішуге үзілді-кесілді тыйым салды.
Адамдарға кофеин әр түрлі әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл жүйке жүйесінің ынталандырғышы ретінде аш қарынға ішсеңіз, көп жағдайда адамдардың басын ауыртып, мазасыздық тудырады, - деді сарапшы.