Бас ауруын дәрісіз қалай емдеуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, жаз мезгілінде күннің ыстығынан көбінің басы ауырып, сақинасы ұстап қалады. Дәрі ішсек, ауырғанын басады да, екінші жағынан зиянын келтіріп жататыны тағы бар. Delish порталы ғылыми зерттеулерді жасап, бастың ауруының алдын алатын 12 өнімді ұсынды.
Көшбасшылар қатарында фолий қышқылы мен магнийге бай қырыққабат пен шпинат тұр. Бұл микроэлементтер шоколад пен бананда да бар.
Бас ауруымен күресу үшін полиқанықпаған омега-3 май қышқылдары бар өнімдер де қажет. Бұл жағдайда лосось жақсы болады дейді сарапшылар. Авокадо жақсы балама болады.
Тағы бір пайдалы өнім саңырауқұлақ. Тәтті картоптың құрамында бета-каротин, В2, В6 дәрумендері және С тобы, марганец, калий және ниацин бар. Олардың барлығы қабыну процесінің төмендеуіне ықпал етеді. Қызылша мен брокколи де бас ауруының алдын алады
Бас ауырған кезде кофе ішкен де пайдалы, дегенмен мамандар бұл сусында ішкенде абай болуға шақырады. Кофеиннің күнделікті мөлшері 100 миллиграмнан аспауы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда карантин күшейтіледі
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы