Бас әскери прокуратурада үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Әскерлердегі құқық бұзушылықтарды алдын алудың 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылдықтың қорытындылары қаралған Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Бағдарлама әскери тәртіпті нығайтуға және әскерлердегі қылмыстылықты азайтуға бағытталған.

Отырыс барысында қылмысқа қарсы күрестің проблемалық мәселелері және әскери қызметшілер арасында профилактика шараларының тиімділігі талқыланды.

Атап айтқанда, Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Бас әскери прокурор Дастан Секенов құқық бұзушылықтардың алдын алу нысандары мен әдістерін өзектендіру және жеке құраммен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Қорытынды бойынша тәрбие бөлімшелерінің функционалын оңтайландыру, бейнебақылауды күшейту, психологтармен сапалы жасақтау, сондай-ақ қылмыстық қудалау әскери органдарының профилактикалық қызметін трансформациялау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы