Бас қаланы дезинфекциялау жұмысы қайта жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дезинфекциялау жұмысы толық аяқталды. Ауқымды дезинфекция жұмыстары қайта жалғасады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев жазған.

Дезинфекция жұмыстарына 500-ден астам адам шығады. Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің қызметкерлері мен әскерге шақырылғандар да дезинфекция жұмыстарына қатысады.
Қаланың әр аумағын қамтып жатырмыз. Тәулік бойы жұмыстанудамыз. Бұл коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Дезинфекцияны жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де өткіземіз. Өрт сөндіру машиналары да көмектесіп жатыр. 2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделіп жатыр, - деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.


Әлеуметтік нысандарды, базарларды, сауда-ойын-сауық орталықтарын, тротуарларды, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді.
 
Сонымен қатар, жеке секторда да зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Қалада жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары - қоршауларды, металл құрылымдарды, жолдарды жуу дезинфекцияға септігін тигізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы