Бас қаланың атауын өзгерту - әлемдік тәжірибе - Қосман Кажкенов
BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы стратегиялық бастамалар институтының бас сарапшысы еліміздің бас шаһарының атауын өзгертуге қатысты пікірін ортаға салды.
Маманның айтуынша, әлемнің алпауыт елдерінде астаналардың атауларын ауыстыру тәжірибесіне сүйенудің еш жамандығы жоқ. Қайта, жаңа атау Астананың дамуына жаңа серпін, жаңа леп береді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елінің болашағын жарқын ету жолындағы еңбегі зор. Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің бас қаласын Еуразия оралығына көшіруді Нұрсұлтан Назарбаев өзі қабылдаған. 20 жылдың ішінде Астанамыз өсіп, өніп, әлемге танылуына Тұңғыш Президентімізідң еңбегі орасан.Әлем тарихында белгілі адамдардың құрметіне аталған шаһарлар жетерлік. Мәселен, ел азаматтарының құрметіне берілген Вашингтон, Остин, Санкт-Петербург тағы басқа қалалар бар. Біз астана атауының ауыстырылуын қолдаймыз. Сондықтан, бұл шешім өте дұрыс деп ойлаймын», - дейді Қосман Қажкенов.
Қосман Зекешұлы Астана 20 жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп, күманмен қараған адамдардың ойларын өзгертті. Бүгінде бас қала әлем елдері көз тіккен халықаралық орталыққа айналды.
«Отандастарымның гүлденген, қолайлы жағдайда өмір сүруге барлық мүмкіндіктер жасалған Астана сияқты қалада бақытты ғұмыр кешіп жатқанды бақыт деп білемін. Бұл қаланы әлемнің алпауыт мемелкеттері мойындады. Бұл жетістікке аз уақыт ішінде жетуге Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі зор», - дейді сарапшы.