«Барыс» клубына бас бапкер тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық «Барыс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке беларусьтік маман Андрей Скабелка келді, деп хабарлайды prosports.kz.

Беларусь маманымен келісімшарт екі жылға жасалған. Ол 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін бас бапкер қызметін атқара алады.

Андрей Скабелка 1971 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби хоккейші ретінде 1988-2007 жылдарда Беларусь, Ресей клубтарында ойын көрсеткен.

2007 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, Ресей, Беларусь клубтарының тізгінін ұстады. 2018-2020 жылдарда «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасы тізгінін ұстады.

Оның жетекшілігімен елордалық клуб екі жыл қатарынан Чернышев дивизионында көш басында болса, Гагарин кубогы шығыс конференциясында жартылай финалға дейін жетті.

Бұған дейін 2020-2021 жылдарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубына жетекшілік жасады.

Айта кетсек, 2020-2022 жылдарда «Барыс» командасына қазақстандық маман Юрий Михайлис бас бапкер болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы