"Барыс" екі қазақстандық хоккейшімен келісімшартты ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаушы Мадияр Ыбырайбеков пен шабуылшы Дмитрий Преснов "Барыс" жүйесінде қалатын болды, деп хабарлады olympic.kz.

 Қазақстандық екі хоккейші бір жылға жарамды екіжақты келісімшартқа қол қойған. 

 Өткен маусымда Ыбырайбеков "Номад" капитаны міндетін атқарып, ЖХЛ-да 51 матч өткізді.

 Жалпы алғанда, Мадияр 2011 жылдан бері "Барыс" жүйесінде ойнайды. 

 Ал Дмитрий Преснов болса, 2013 жылдан бері "Барыс" жүйесінде. Ол жарақатына байланысты өткен маусымның басым бөлігін жіберіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы