"Барыс" КХЛ чемпионы "Локомотивті" 4:0 есебімен жеңді

"Барыс" командасы Ярославльде жергілікті "Локомотивті" 4:0 есебімен ұтып, клуб тарихындағы алғашқы сырттағы ірі жеңісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Матч барысында Алихан Өмірбеков, Семён Симонов, Ансар Шайхмәдденов және Эмиль Галимов көзге түсті. Қақпашы Адам Шил 27 соққыны қайтарып, кездесуді "құрғақ" есеппен аяқтады.

Бұл жеңіс "Барысты" плей-офф аймағына қайта шығарды — команда Шығыс конференциясында сегізінші орынға көтерілді. Келесі ойын 17 қарашада Сочиде өтеді.

"Локомотив" өз алаңындағы сәтсіздікке қарамастан, Батыс конференциясының көшбасшысы болып қала береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aikyn.kz
Өзгелердің жаңалығы