«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде елордалық хоккейшілер ойын басынан тізгінді қолын алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсылас команда қақпасына екі шайба соғып кетті. Ойынның 12-минутында Мэтт Фрэттин есеп ашса, 14-минутта Никита Михайлис есепті үстемелей түсті. Екінші кезеңде екі команда тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Десе де таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Үшінші кезеңде командалар шабуылға көбірек шықты. Десе де оған лайықты тойтарыс бере білді. Ойын соңына таман айдын иелері қатарынан Олле Альсинг бос тұрған қақпаға шайба соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Енді «Барыс» 10 қазанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдайды. Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасынан басым түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы