"Барыс" елордада "Торпедоны" жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Континентальдік хоккей лигасының матчында "Барыс" Нұр-Сұлтанда Нижний Новгородтың "Торпедо" командасын қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Соңғы ойында қазақстандық клуб қытайлық "Кунлун Ред Стардан" 2:5 есебімен ұтылып қалған еді. Жанкүйерлері алдында ақталу керектігін түсінген "Барыс" хоккейшілері алғашқы минуттардан қарсылас қақпасына лап қойды. 

Ииро Пакаринен мұз айдыны қожайындарын есепте алға шығарды. Алайда, бірінші кезеңнің соңына дейін қонақтар сапынан Джордан Шредер таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның екінші бөлімінде Роман Старченко мергендігімен көзге түсті. Үшінші бөлікте таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. "Барыс" жеңіске жетті.

6 қазан күні "Барыс" Нұр-Сұлтанда "Северстальды" қабылдайды.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы