12 Қараша 2023 2023, 16:15

«Барыс» бүгін елордада «Северсталь» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу бүгін, 12 қарашада күні, сағат 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті.

Оның 15-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 28 ойыннан кейін 23 ұпаймен 21-орында тұр.

Aл «Cеверсталь» 27 ойыннан кейін 30 ұпаймен 15-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.