«Барыс» бүгін елордада «Амур» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 4 ақпан елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Екі команда бұған дейін 49 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 57 ойыннан кейін 44 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Амур» 58 ойыннан кейін 56 ұпаймен 17-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.

Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі үш ойынды да елордада өткізеді. Алдымен 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен қайта кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы