"Барысқа" жаңа шабуылшы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барыс" хоккей клубы ресми түрде швециялық шабуылшы Линус Виделлмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Ойыншы Қазақстан клубында 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ойнайды. 

Линус Виделль спорттық карьерасын Швециядағы "Седертелье" клубынан бастаған. Құрлықтық хоккей лигасында 2011 жылдан бері ойнап жүр. Биылғы маусымда Риганың "Динамо" клубында ойнады. Осы уақыт аралығында 49 ойын өткізіп,  48 (24+24) ұпай жинады. Одан бөлек "Югра". "Северсталь", "Торпедо", "Трактор" және "Куньлунь" командаларында өнер көрсеткен. 34 жастағы шабуылшы ҚХЛ-да3 91 матчқа қатысып, 240 (86+154) ұпай жинаған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы