«Барселона» қаржылық қиындықтарға тап болды

«Барселона» футбол клубы күрделі қаржылай қиындыққа тап болды. Бұл туралы тілші әрі инсайдер Жерар Ромеро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзіне қарағанда, каталониялық клубта жаңа ойыншыларды қатарына қосатын қаржы жоқ. Бұл жағдайды директорлар кеңесі талқылаудан өткізеді.

Бұған дейін «Барселона» Англияның «Манчестер Сити» клубының капитаны Илкай Гюндоганды сапына қосқан. Неміс футболшысы «Барсаға» еркін агент ретінде келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Чемпионат
Өзгелердің жаңалығы