ЭЦҚ-ны ХҚКО-ға бармай-ақ қалай алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетіні белгілі.
Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады.
Олай болса, ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына тоқталайық.
- Egov.kz порталына кіріңіз;
- Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
- ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
- Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
- Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
- Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
- Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
- Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
- Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
- Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
- Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
- Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
- Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
- Сертификатты жүктеңіз.