Барлық табысымызды еңбекақыға беріп отырмыз - «Кезби» ЖШС атқарушы директоры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Компания өзінің тапқан 100 пайыз табысының 97 пайызын еңбекақыға беріп отыр.
Бұл туралы «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешова мәлімдеді.
Айтуынша, былтырдан қарағанда компания жұмыскерлерінің жалақысы 65 пайызға көтерілген.
Сондай-ақ ол мекеме жұмысшыларының орташа жалақысы 672 мың теңгені құрайтынын , ал ең жоғары жалақысы 835 мың теңгеге жететінін атап өтті.
Кез келген бизнес пайда көруі қажет. Егерде кәсібіміз пайда көрмесе ол әрі қарай жұмыс істей алмайды. Алайда «Кезби» компаниясы өткен 3 айға сараптама жасады. Қарап отырсақ, компания өзінің тапқан 100 пайыз табысының 97 пайызын еңбекақыға беріп отыр. Бізге үш пайыз ғана түседі. Оның үстіне нешетүрлі шығындарды қоса есептеменде , - деді «Кезби» ЖШС атқарушы директоры.
«Кезби» ЖШС директоры міндетін атқарушысы сөзінше, бүгінгі таңда компания 700 миллион шығынға батып отыр.
Халық білгені дұрыс. Біздің жұмысшылар аусыммен жұмысқа шығады. Айына 15 күн жұмыста болады. Сол 15 күнде алатын айлығы осы. 30 күн жұмыс істемейді. Және 12 сағаттық жұмыс уақытын беріп отырмын, -деді «Кезби» ЖШС директоры міндетін атқарушысы Ержан Кезбаев.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанға келген «Өзенмұнайгаздың» мердігер компаниясы «Кезби» мекемесінің бір топ мұнайшысы биліктен өздеріне тең жалақы беруді сұрайды.