Барлық өзгерістерді іске қосу үшін «перезагрузка» қажет – саясаттанушы
Біздің елде соңғы кезде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Соның бірі алдағы сайлау. Неліктен ол дәл қазір өтіп жатыр, маңыздылығы неде? Бұл туралы саясаттанушы Индира Рыстина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біздің саяси институттардың сайлану формасын саяси өзгерістер енгізілгені туралы айттық. Ол үлкен қадам. Мысалы мәслихаттар бар, Мәжіліс бар. Аудандық мәслихаттар енді толығымен мажаритарлық жүйе бойынша сайланады. Аудандық мәслихат дегеніміз өте көп. Оның барлығын халық енді өзі сайлайды. Бұрындары олар партияға дауыс беретін ал партия өзінің тізімімен адамдарды сайлап қоятын. Енді әрқайсы өзі жіберетін болады. Бұл билік институттарының жоғарыдан төменге қарай емес, керісінше төменнен жоғарыға қарай құарстырылатыны көрсетіп отыр. Енді осындай барлық өзгерістерді іске қосу үшін, бізге бір «перезагрузка», яғни қайта жүктеу жасау керек. Ендігі өтетін сайлау осы үшін керек деп ойлаймын. Реформаларға қатысты қайта жүктеу принципі қажет. Яғни компьютердегі секілді толық қайта жүктеу жасалып жатыр, - деді ол.
Спикер сайлауға жұмсалатын қаражат мәселесіне де тоқтала кетті.
Сайлау өткізу әрине арзан дүние емес. Келесі сайлау негізі 2024 жылы өтуі тиіс болатын. Оған кем дегенде үш жыл бұрын бюджеттен ақша салынып, қарастырылады. Енді 2024 жылы сайлау болмайды, біз сол сол 2024 жылы өтуі тиіс сайлау қаражатын бүгін жұмсап жатырмыз. Біз мысалы ремонт жасайтын болсақ, қаражатты алдын-ала жоспарлап қоямыз ғой. Жөндеу жұмыстарын уақытынан бұрын жасасақ та сол ақшаны жұмсаймыз. Тура сол принцип қой мұнда да. Яғни ертерек жайлы үйде тұра бересіз. Сол сияқты бюджетен қосымша қаражат кетпейді. Яғни бюджетке салынған қаражатты ертерек қолданып жатырмыз. Бірақ оның бір жақсы жері біз жеті жыл бойы тұрақты түрде біз өзіміз таңдап, сайлап алған президенттің жұмыс істеуіне мүмкіндік береміз. Мысалы біз саяси реформалар жұмысын бастап кетіп, бір жарым жылдан кейін қайта сайлау болады деп дүрбелеңге түсеміз. Ол кезде де геосаяси жағдай қандай болатыны белгісіз. Қазірдің өзінде Қазақстанның жан-жағында , көрші елдерде геосаяси жағдай тұрақты емес, соғыс ошақтары бар. Екі жылдан кейін қандай болатынына кепіл жоқ, - деді Индира Рыстина.