Барлық өңірдегі су қоймалары лық толы
Еліміздегі су қоймалары толып, өңірдегі жағдайлар туралы министрлік ресми өкілі баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.
Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасында судың асу биіктігі 316 сантиметр. Осы уақытқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1312см, бір тәулікте 23 см төмендеді. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді ол.
Мөлдір Әбдуалиева сөзінше өңірдегі жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80%.Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына су жіберу жалғасуда. Ертістегі су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 83%-ды құрап отыр, - дейді маман.
Ал Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 884 см болып отыр.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік жалғасуда,сағат сайын су ағыны мониторинг жүргізіледі,-деді министрліктің ресми өкілі.
Сондай-ақ, 27 наурыз бен 18 сәуір аралығында Тобыл, Есіл, Жайық және Елек өзендері бассейндерінің су қоймаларына 19 текше шақырым тасқын суы келгенін айта кеткен жөн.