Барлық өңірде балаларды оңалту орталықтары ашылып жатыр
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Самұрық-Қазына траст» қайырымдылық қорын қаржыландыру үлесі артып келеді. 2021 жылы кайырымдылық қорының бюджеті - 7 млн болса, биылғы бюджет құны- 10 млн теңгені құрап отыр. Қазірге дейін жалпы құны 7,2 млрд болатын жобалар қолдау тапты. 370 мың Қазақстандық азаматқа, оның ішінде 48 мың балаға көмек көрсететін 44 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды,- дейді Ғибрат Ауғанов.
Сондай-ақ, брифинг барысында денсаулық сақтау саласындағы айтулы республикалық жобалардың бірі - дәрігерге қаралуға мүмкіндігі жоқ Қазақстанның шалғай ауылындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге арналған медициналық пойыздар жобасы туралы айтылды.
Бүгінде қамқорлық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде дамуында ауытқуы бар балаларды оңалту және ерте сауықтыру орталықтары ашылып жатыр. Сондай-ақ, білім беру саласына ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы уақытта халыққа пайдасын тигізетін жобаларды жүзеге асыра беретін боламыз,-деді Ауғанов.
Аида Батырбекқызы