Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 желтоқсанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында көктайғақ, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ: 20 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қ.: 20 желтоқсанда таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылорда қ: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ: 20 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы