Барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды
Ауа райының жақсаруына байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ҚазАвтоЖол» таратқан мәліметке сәйкес, бұған күн райының жақсаруы себеп болған.
Бұған дейін 2 желтоқсан күні кешкісін Қарағанды облысының тасжолдарында боран соғуы себепті 1353-1426 шақырымда «Екатеринбург-Алматы» автожолындағы көлік қозғалысына шектеу қойлды. Бұл бағыт Ақмола облысының Теміртау қаласына дейінгі жолды құрайды.
Сондай-ақ Ақмола облысында 1291-1353 шақырымдағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды.
Бұл – Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы