Барлық жастағы адамдардың қатысуын ерекше атап өтуге болады – тәуелсіз сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіз сарапшы Омер Кожаман Қазақстанда өткен сайлауға жоғары бағасын берді. Пайыздық квота енгізіліп, жастар мен әйелдерге басымдық берілуі құптарлық жағдай екенін айтты.
Сайлау туралы заңнамаларда да өзгерістер болды, соның ішінде атап саяси партияларды тіркеу үшін мүшеліктер саны мыңнан мыңға дейін төмендетілуі назар аударты. Елдегі сайлауға әр жас өкілдерінің қатысуын ерекше атап өткім келеді. Мұны ел тұрғындарының қоғам өміріне немқұрайлы қарамауының белгісі деп білеміз, - деді ол.
Оның айтуынша, ол елорданың сайлау учаскелерінде бақылау жүргізген.
Сайлау құқығы барлық тұрғындар үшін қолжетімді болды. Шектеу, кедергі жасау әрекеттерін байқамадық. Дегемен сайлау учаскелерінде пандустың болмауы келешекте ескерілуі тиіс жағдай екенін атап өткім келеді. Кез келген адамдар тобы сайлау учаскесінің өзіне келіп дауыс беруге мүмкін алулары керек, - деді ол.
Сондай-ақ, ол сайлау процесі заңнамаға сай өткенін атап өтті. Оның айтуынша, учаскелерде бұзушылық фактілер байқалған жоқ, үгіт-насихат жүргізу, мәжбүрлеу сынды әркекеттер орын алмады.
Түркі тілдердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстандағы Праламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы ашық әрі транспорентті өтті деген пікірде. Елдегі сайлау процесі мен ұйымдасытырылуы өзге елдерге үлгі бола алатындай, - деп түйіндеді сөзін ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ассамблея атынан кімдер депутат болатыны белгілі болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы