Барлық емхана мен медициналық ұйымдар вакцина салу жұмыстарына дайын – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг кезінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Вице-министр вакцина салдырған соң біраз уақыт өткеннен кейін ағзада антиденелердің пайда болу-болмауы мүмкіндігіне тоқталды.

Осы вакцинаны ойлап тапқан мамандардың айтуынша, екпе алғаннан кейін 56-шы күннен бастап қанда антидененің өте жоғары деңгейі анықталады. Ол организмнің қауіпсіздігін білдіреді. Осы ретте бір айта кетерлігі, егер вирустың көп мөлшері организмге түскен кезде ол адам ауырып та қалуы мүмкін. Тек өте жеңіл түрімен, - деді ол.
Ол сондай-ақ сәуір айында вакцина салдырушылар санының көбеюіне орай емханалардың дайындық барысы туралы айтты. 
Барлық емханалар, медициналық ұйымдар вакцина салу жұмыстарына дайын. Барлық екпе кабинетінде немесе процедуралық кабинетінде мамандар екпе жүргізетін болады. Арнайы оқыған дәрігерлер, медбикелер саны да жеткілікті. Азаматтар екпені ұлттық күнтізбе бойынша алып жатыр. Тіпті, вакцина салдырушылар саны артса да, тас-түйін дайынбыз, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы