«Барлығына қарсымын» деген жолдың болуы ұнады
Бұл туралы Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Наджаф оглы Гусейнов Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Таңертеңнен бері қала орталығындағы сайлау учаскелеріне бардық. Қар жауғанына қарамастан, таңғы сағат 8.30 кезінде біз барған сайлау учаскелерінде сайлаушылардың келуі 10-12 пайызды құрады. Маған бюллетеньде «барлығына қарсымын» деген жолдың болуы ұнады, - деді ол.
Оның ойынша, дауыс беруші барлығына қарсы екенін білдіре алатыны зерттеушілер мен әлеуметтанушылар үшін маңызды көрсеткіш болады. Кавказ Халықаралық университетінің профессоры, саясаттанушы Вахтанг Маисая да бұл пікірге қосылып, сайлаушылардың белсенділігі жөнінде айтып өтті.
Мен таңертеңнен бастап 11 сайлау учаскесінде болдым. Қазіргі кезеңде сайлаушылардың белсенділігі орташадан жоғары. Қазақстанда алдынғы президент сайлауында да бақылаушы болған болатынмын. Ол кезде келушілер үлесі тіпті жоғары болған, - деді ол.
Сонымен қатар, Вахтанг Маисая волонтерлар жұмысы мен сайлау мәдениетінің жастар тарапынан жоғары екенін айтты. Ол барған сайлау учаскелерінде орындықтардың жетпеуі сияқты техникалық ескерту ғана болғанын жеткізді.