"Бәріңді бауыздаймын!": Астанада пышақ кезенген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды
Тұрғындарға қауіп төндірген ер адам ұсталды.
Астанада пышақ ұстаған жалаңаш ер адам балалар алаңында жүріп, тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде ер адамның аулада жүрген видеосы тарады. Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарға қауіп төндірген адамның ұсталғанын растады.
Аталған факті бойынша 39 жастағы ер адам ұсталып, «Алматы» ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Төрт баланың анасын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды
Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы сотталды
Стамбулда Қазақстан азаматы қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады