Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ өзімізден бастау қиын – Мақсат Толықбай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында қоғам белсендісі, журналист Мақсат Толықбай мәлімдеді.

Елдің дәл қазіргі жағдайы есеп-қисапқа сай келмей жатыр дегенді ел Президенті, өзіңіз айтқан едіңіз. Кейде мені қынжылтатыны кертартпа, бірбеткейлік, қызғаныш белең алып бара жатыр. Құрылтайдың 100-ден астам мүшесі бар. Олардың әрбіреуі мәселе көтеріп, проблема айтады. Оның барлығын қарауға шама жетпейді. Сондықтан ең болмаса 3 мәселені күн тәртібіне шығарып, дауысқа салып отыру керек деп ойлаймын. Үш мәселені шешсек, оның өзі жеңіс! – деп атап өтті журналист. 

Сондай-ақ ол  қоғам өзгерісті асыға күтіп отырғанын жеткізді. 

Қоғам қазір нақты өзгерісті күтіп отыр. Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ өзімізден бастау қиын. Жаңа Қазақстанды құру дейміз, ең алдымен заң жүзінде, құжат жүзінде сөйлеу керек. Реформалардың негізгі қарапайым формуласы былай деп айтар едім. Біріншіден, билік пен қоғамды демократияландыру, құқықтық үстемдік орнату, - деді Мақсат Толықбай. 

Айта кетейік, Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы аяқталуға жақын. Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, депутаттар, қоғам белсенділері сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы