Бәріміз де медаль күттік – Елсияр Қанағатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сондай-ақ ол шорт-тректен ел намысын қорғаған Абзал Әжіғалиевтің сайыста көрсеткен нәтижесін бағалады.
Абзал Әжіғалиевке келер болсақ, 4-орын деген қиын орын екенін өздеріңіз білесіздер. Медальға сәл ғана жетпей қалды. Бірақ үлкен жетістік деп білеміз. Елімізде шорт-тректің алға жылжуы байқалады. Салыстырмалы түрде сараптама жасасақ, мысалы, қазіргі көрсеткен нәтижелерінің ішінде 4, 5, 8-орындар бар. Әрине, жанкүйерлердің медаль күтті. Бәріміз де күттік, жанкүйер болдық, - деді Елсияр Қанағатов.
Еске сала кетейік, Ақ Олимпиадада шорт-тректен 500 метрге жүгіруден ерлер арасында Абзал Әжіғалиев те бақ сынасқан еді. Финалдық сында Абзал мәре сызығын төртінші болып кесті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы