Бәрі уақыттың еншісінде. Көлгінов «отставкасына» қатысты пікір білдірді

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері елорда әкімі Алтай Көлгіновтен өз отсткавкасы туралы телеграм-арналарда тараған ақпараттарға қатысты пікірін сұрады.

Мен сыбыстарға байланысты ештеңе деп пікір білдіре алмаймын. Менің ойымша, бәрін уақыт көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, заңға сәйкес, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін әкімдердің бәрі де өз лауазымын босатады. Одан әрі қарай не болатынын өздеріңіз де еститін шығарсыздар. Біз әрдайым елге, қоғамға қызмет етуге дайынбыз. Мемлекеттік қызметтің де мәні сол ғой», - деді әкім ҚР Президентін ұлықтау  рәсімінен кейін.

Сонымен қатар әкім «қандай қызметке кетуіңіз мүмкін?» - деген сұраққа жауап берді.

Ондай шешімді қабылдаған жоқпын. Заңға сәйкес, Президент өзінің жұмысын бастағаннан кейін әкімдер өз жұмысынан босатылып, мәслихат келісімімен қайта тағайындалады. Бәрі уақыттың еншісінде. Қай қызметке болсан дайынмын. Біз жұмысқа дайынбыз, - деді Көлгінов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы