"Бәрі сатты, жалғыз қалдым" Мақпал Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерін жариялады
Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өлеңдерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде жарияланғандай Заманбек Нұрқаділов «Мақпалға», «Элегия» өлеңдерін жазған.
Мақпалға
Сенесің бе?
Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін.
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін…
«Махаббат бар» — жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін…
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппі…
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін…
Элегия
Бәрі сатты, жалғыз қалдым
Заңы солай аздықтың,
Ізсіз жаудан өсті тікен,
У боп шықты қастықтың.
Байқамаппын қызғанышты,
Залымдықты ескермей,
Қанпезерлер бой көтерді —
«Жемісі» ғой жастықтың.
Қанпезерлер гүл жайнап жүр
«Жемісін» деп мастықтың,
Оқ қағары жалғыз мен ем,
Сонда неге асықтым?
Сол адамның тағын қорғап
Бекер төккен терлерім,
Бұршақ болып қайтып жатыр
Зәр бұлтынан пасықтың.
Жаба алмайсың абақтыңа,
Былғатпаймын денемді,
Жіберсең де шабуылға
Топ-топ болған кенеңді.
Ұстамдылық, бар төзімді
Тек жеңіске арнап ем,
Әлсіздік деп ойламаңдар,
Шейіт кетсем мен енді.
Бұл марқұмның 2005 жылы жазған соңғы өлеңдері.