Бәрі ашық айтылуы тиіс – Нұртөре Жүсіп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Террорлық әрекет қаншама адамның өмірін жұлып кетті. Құрбандыққа ұшырағандар да аз емес. Бұл туралы сенатор Нұртөре Жүсіп айтты. 

«Қазақстан бойынша 4578 адам зардап шеккен, оның ішінде 4353 адам жараланған. Күштік құрылымдардан 3393 қызметкер жарақат алған. Төтенше жағдай тұсында 225 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі содырлар. Қаза тапқандар арасында 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар да қаңғыған оққа іліккен»,- дейді Бас прокуратураның қылмыстық істерді тергеу қызметінің бастығы Серік Шалабаев, - деп атап өтті сенатор.

Сондай-ақ Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысының күштік құрылымдармен өткізген жиналыста және твиттердегі жазбасында бейбіт тұрғындарды қудаламау туралы тапсырма бергенін алға тартты. 

Бізге керегі – тыныштық. Бұлғақ кезінде елдің бір болуы маңызды. «Бөрі жарасын жалап емдейді»,- деген. Қаралы жұрт, жаралы жүрек Қазақстанның Тәуелсіздігі қыл үстінде тұрған сәтті толық және терең сезінеді. Елдіктің жолы тақтайдай тегіс емес. Бұралаңы, бұлтарысы мол. Президент елден ештеңені жасырып отырған жоқ. Ашықтық және әділдік қағидаты ауыр күндерден алып шығары анық. Бір болайық! Бірге болайық! – деді депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы