Barclays Arena жұлдыздар галереясына Димаштың фотосы ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 ақпан күні Нью-Йорктегі "Barclays Arena" стадионындағы жұлдыздар галереясына Димаш Құдайбергеннің фотосы ілінді. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды. 

2019 жылы әйгілі стадионда Димаштың "Arnau Tour" бағдарламасы аясында концерті өткен еді.


Енді міне "Barclays Arena" стадионындағы жұлдыздар галереясында Beyonce, Elton John, Justin Timberlake, Rihanna атты әлемге әйгілі әншілердің арасында отандасымыз Димаш Құдайбергеннің де фотосы тұр. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы