Бараев атындағы институттың директоры мен бірқатар қызметкері сотталып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.
Ақкөл аудандық соты АШМ И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ «Монолит-1» ЖШС директоры Сұлутаева 8 жылға, орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Косакова 8 жылға, кадр бөлімінің маманы 4 жылға сотталды, - деді ол.Ол айтқандай, аталған тұлғаның барлығы орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде жазасын өтейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері жемқорлық жасаған 500-ден астам адам сотталғаны анықталды.Олар өмір бойына лауазымды қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Олар ғимараттың құрылысы кезінде құрылыс материалдарын алатын келісімшартты белгілі бір компаниялармен жасасқан. Осылайша, мемлекетке 190 млн-нан астам шығын келтірілген, - деді Бекайдаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы