Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі болған Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы кәсіпкерлік бірлестігі Еуразияның 26 ​​елінің кәсіпкерін, коммерциялық ұйымы мен банктерінің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіреді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы кәсіпкерлік бірлестігі президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы (1985-1988);

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. (1988-1992);

Marue туристік-коммерциялық компаниясының президенті (1992-1993);

«Қазмет» АҚ бас директоры (1993-1997);

«ЛУКойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары (1997-1998);

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (02.1998-02.1999);

Қазақстан Республикасы Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (06.1999-10.1999);

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы (12.1999-01.2001);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (01.2001-08.2002);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (09.2002-29.09.2004);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы (29.09.2004-11.12.2007);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы (11.12.2007-30.09.2008);

Павлодар облысының әкімі (30.09.2008-20.01.2012);

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі (20.01.2012-09.2012);

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары (09.2012-01.2013);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі (16.01.2013-11.2013);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013 ж.; 04.04.2014 ж. қайта тағайындалды; 30.04.2015 - 09.09.2016 бастап қайта тағайындалды);

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (09.09.2016-21.02.2019);

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (01.03.2019-24.03.2019);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (24.03.2019-06.2019);

Алматы қаласының әкімі (28.06.2019-31.01.2022);

Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (2022 жылғы 23 мамырдан бастап).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы