Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша 3 қазанға белгіленген сот отырысы 13 қазанға шегерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар пікірталасын жалғастыру жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сот отырысы сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты кейінге шегерілді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнататын компаниядан аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды
Өзгелердің жаңалығы