Бақыт Сұлтанов ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында қандай мәселе көтерілгенін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отырыстың қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді.

Биыл Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлермен бірігіп, достықты, серіктестікті дамыту мақсатында белсенді бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің басымдықтарымыз 2022 жылғы Қазақстанның ТМД-ға төрағалық ету тұжырымдамасында көрсетілген. Осы ретте біраз өзекті мәселені талқыладық, - деді ол.

Айтуынша, бүгін өткен екі отырыста бірқатар құжатқа қол қойылды. Оның ішінде бүгінгі қиын жағдайда, яғни экономиканың теріс әсерлеріне қарсы шараларын қабылдау туралы да бар.

Қызметтердің саудасы туралы, халықаралық келісімді әзірлеу жұмысын талқыладық. Қазіргі күні барлық мемлекетте тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бүгінгі қолданыстағы тауарлардың саудасы туралы келісіммен бірге біздің мемлекеттерімізге қосымша мүмкіндіктер береді. Әрине басқа да логистикалық көлік мәселелерін де талқылап жатыр. Соған сәйкес тиісті құжаттар қабылданды, - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 95-ші отырысы күзде Мәскеу қаласында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы