Бақыт Ғазизқызы: Бақылаушылардың сауатын көтеру керек

Бұл туралы  Астана қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Ғазизқызы  «Желмая» жобасының аясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен сайлауларда байқаушылар саны – 25000 болса, өткен жылы олардың саны -75000-ға дейін көбейген. Оның ішінде, жастар да бар. Биыл да сайлауға қызығушылық танытып отырғандар көп екенін айтады маман.

Әрине, бұл жақсы көрсеткіш. Тәуелсіз бақылаушы болу үшін үкіметтік емес қоғамдық ұйым мүшесі, саяси партия өкілі болуы керек. Бақылаушылар заңға сүйеніп жұмыс жасаса, ешқандай кедергі жасалынбайды. Сайлау барысында бақылаушы комиссияның жұмысына кедергі келтірмеуі керек, - дейді ол.

Бірақ, маман пікірінше тәуелсіз бақылаушылардың сауаты әлі де төмен. Көп жағдайда бір тапсырмамен ғана шектелетінін айтады.

Бақылаушылардың сауатын көтеру керек. Кез келген қоғамдық ұйымдардың өз бақылаушыларына құқықтарын түсіндіріп, міндеттерін оқытуы маңызды. Көп жағдайда сайлау барысында түсініспеушіліктер осындай мәселелер кесірінен туындап жатады. Тіпті, сайлау науқаны алдында ғана емес, жыл бойы оқытылуы қажет, - дейді маман.

Сайлау комиссиясы төрайымы тәуелсіз бақылаушылардың міндеттеріне де тоқтала кетті.

Олардың негізгі міндеттері сайлау барысын әділ байқау, заңға сүйену, сайлау барысына араласпау, көрсетілген ережелерді сақтау болып табылады, - деді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы