Бақтияр Зайнутдинов түркиялық клубқа ауысуы мүмкін

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының және ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов түркиялық «Бешикташтың» қызғушылығына ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Fotospor сайтының жазуынша, Зайнутдиновтың есімі скауттер тобы мен Чейхун Казанджи анықтап, Шенол Гюнеш бекіткен ықтимал трансферлер тізіміне енді.

Айта кеткен жөн, Зайнутдинов осы маусымда Ресей премьер-лигасында 21 матчқа қатысып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ресей кубогын жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы