BAQ.KZ тілшілері жүлделі болды

BAQ.KZ тілшілері Ұлттық ядролық орталықтың журналистер арасында ұйымдастырған байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰЯО журналистер арасында Ұлттық ядролық орталықтың ССП-дағы қызметі, полигонның құрылу тарихы және ондағы сынақтардың салдары, Қазақстан тәуелсіздік алған 33 жыл ішінде Ұлттық ядролық орталықтың полигон аумағын қауіпсіз күйге келтіру бойынша жүргізген ауқымды жұмыстарының қорытындысы туралы және еліміздің атом саласы тақырыптарында байқау өткізді.

Бүгін Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков орталықтың 2024 жылғы жұмысын қорытындылап, байқау жеңімпаздарының есімін жариялады.

2024 жылы кәсіпорын қызметінің барлық бағыты бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар сәтті жүзеге асырылды. Биыл еліміз үшін барлық әлеуметтік-экономикалық даму бағыты бойынша, оның ішінде атом энергетикасы саласында да өте табысты болды деп санаймын, - деді директор.

Эран Батырбеков орталық қызметін барлық бағыт бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды ойдағыдай жүзеге асырғанын атап өтті.

Конкурстың нәтижесі бойынша BAQ.KZ тілшілері жүлделі болғанын айта кетейік:

ІІ орын – Нұржан Мергенбай;
ІІІ орын – Гүлжан Раманқұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы