БАҚ-ты рейтингпен жарыстыру ақылға қонымсыз нәрсе - Сенатор

Сенатор Нұртөре Жүсіп БАҚ-тағы сайттар мен басылымдарды рейтингпен жарыстырудың қажет жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, мұның салдары көп, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақта «аттыға еріп, жаяудың таңы айрылыпты» дейтін сөз бар. Әлемде әртүрлі деңгейде дамыған мемлекеттер бар. Мұны ескерсек, рейтингтік көрсеткішпен жарысу ақылға қонымсыз зат. Екіншіден, қазіргі таңда қазақ елінің мемлекеттік құрылымында қалыптасу процесі жүріп жатқан кезеңде рейтингтің соңына түсуге болмайды. Мұның салдарынан қазір сөзіміз құнсызданып жатыр. Әлеуметтік желіде және эфирде бейәдеп сөздер мен әдетпен рейтинг жинауды мақсат тұтқан соң ол жердегі жұмыстың сапасы мен мән-мағынасы жоғалады, - деді Сенат спикері. 

Сенатордың айтуынша, БАҚ саласына қатысты мәселелерді кешенді түрде қайта қарастыру керек.

Тек мемлекеттік емес, жекеменшік болса да, оның түріне қарамай, қолдау керек. Дәстүрлі және жаңа медианы қолдауға арналған мәселе Президенттің ақпараттық доктринасында қарастырылды енді оның тиімді жүзеге асқаны маңызды. Бізде журналистердің құқығын қорғайтын кепілдік беретін БАҚ туралы заң бар. Қазіргі таңда аталған заң жобасы қайта қаралып, талқыланып жатыр. Біз тек мемлекеттік БАҚ деп бөлуге болсақ, біржақты болып қалады. Бәріне бірдей жағдай жасауымыз керек, - деді Нұртөре Жүсіп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Facebook парақшасынан алынды
Өзгелердің жаңалығы