БАҚ туралы заң қайта қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Оның айтуынша, “Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту” бойынша 3 іс-шара іске асырылады.
Мемлекет мүдделерін, қоғам сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау жоспарлануда.
Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды кеңінен тартуға бағытталған мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер әзірленетін болады, - деді Ұлттық экономика министрі .
Сонымен қатар министр ҚР Презинтінің жағындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жағастыру үшін жалпыұлттық деңгейде жаңа Ұлттық құрылтай институты құрылатынын айтты.