Бүгiн 2026, 15:00
Фото: Anadolu Agency
БАҚ: Тегеранда жарылыстар болды
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылған.
Тегеранда жарылыстар болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің шабуылына ұшырап отырған Иран астанасы Тегеранда жарылыс дыбыстары естілген.
Mehr News Agency агенттігінің мәліметінше, жарылыстар қаланың шығыс бөлігінде болған.
Осыдан кейін аталған ауданда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылғаны айтылды.