Пандемия кезінде БАҚ-қа Үкімет қолдау көрсетеді – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында қысылтаяң шақтағы журналистердің еңбегін ерекше атап өтті.
Министрлік өз тарапынан елміздің бұқаралық ақпарат құралдарының пандемия кезіндегі экономикалық қиындықтарды еңсеруіне қолдау көрсету бағытында бірқатар шараларды әзірледі. Үкімет тарапынан жасалатын бұл қолдау аясында салық және міндетті аударымдарға байланысты уақытша жеңілдіктер қарастырылып отыр. Сондай-ақ, коммерциялық теле-радиоарналардың аналогтық және эфирлік хабар тарату қызметтері үшін ақы төлеуі бойынша қолдау жасалады, – деді Аида Балаева.
Министрдің сөзінше, бұл шара телерадио компаниялардың қарыздарын жауып, коммерциялық телеарналардың хабар таратуын сақтауға және елдің, әсіресе шекара маңындағы өңірлерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында қылмыстық топ құрықталды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы