БАҚ өтініштеріне жауап беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды

Енді мемлекеттік органдар БАҚ сауалына 5 күннің ішінде жауап береді. Бұл туралы “Масс-медиа туралы” заң жобасында арнайы норма енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер ақпарат иесімен телефон арқылы, жазбаша немесе электрондық құжат нысанында ауызша сұрау салу арқылы байланысуға құқылы.

Жаңа ережеге сәйкес, сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше белгіленбесе, оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салу нысаны мен тілінде БАҚ-қа беріледі.

Бұған дейін заңнан баспасөз картасы туралы норма алынып тасталғанын хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы